Senim

Ауыл квотасы: кімдерге беріледі және өтеу шарттары

Ауыл мектептері түлектеріне арналған конкурс, өтпелі балл және 3 жылдық жұмыспен өтеу.

Гранттар қалай бөлінетіні және 4 басымдық реті қалай жұмыс істейтіні туралы.

Гранттар гайды
Квота санаты
Ауыл жастары
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірушілерге
Конкурс түрі
Жеке квота
Квота иегерлері арасындағы жеке конкурс
Жұмыспен өтеу
3 жыл
Ауылдық мекемеде немесе ұйымда міндетті жұмыс

Ауыл квотасы кімдерге беріледі?

Ауыл квотасы Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде (ауылдарда, кенттерде) орналасқан жалпы білім беретін мектептерді бітірген талапкерлерге беріледі.

Аттестаттағы мектеп мәртебесі

Мектеп ресми түрде ауылдық елді мекенде тіркелген болуы тиіс. Бұл Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) базасында мектептің БСН (БИН) бойынша автоматты тексеріледі.

Оқу мерзімі

Әдетте талапкер ауыл мектебін соңғы сыныптарында бітірген болуы керек. Егер оқушы қала мектебінде оқып, тек 11-сыныптың соңында ғана ауылға ауысса, комиссия тексеруі мүмкін.

Квота — бөлек конкурс

Ауыл квотасы бойынша гранттар тек ауыл мектептерінің түлектері арасында, өз санатының ішінде бөлінеді. Квота гранттары саны шектеулі, сондықтан квотаның өту балы жалпы конкурстан төмен болады деп ойлауға болмайды — төмендегі нақты сандарды қара.

Өту балдары, 2025

2025 жылы 46 топтың 35-інде ауыл квотасы бойынша өту балы жалпы конкурстан жоғары болды. Мысалдар:

Бағдарламалар тобыЖалпы конкурсАуыл квотасы
B057 Ақпараттық технологиялар5065
B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі7583
B044 Менеджмент және басқару83106
B085 Фармация10599

Грантқа өту балы — 2025 жылы грант алған соңғы үміткердің балы. Биыл басқаша болады.

Міндетті жұмыспен өтеу (3 жыл)

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ауыл квотасы шегінде түскен азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде 3 жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік немесе бейінді ұйымдарда жұмыс істеуге міндетті.

Кімдер жұмыспен өтеуден босатылады немесе мерзімін шегере алады?

  • Магистратура:Мемлекеттік грант негізінде магистратураға түскендер (оқу мерзіміне шегеріледі).
  • Бала күтімі:Жүктілік және 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы азаматтар.
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар:I немесе II топтағы мүгедектік тағайындалған жағдайда.
  • Бос орынның болмауы:Ауылдық елді мекендерде тиісті мамандық бойынша бос орын жоқтығын жергілікті әкімдік немесе жұмыспен қамту орталығы ресми растаса.

Ауыл квотасымен грантқа түсесің бе?

Калькуляторда балыңды жазып, «Ауыл мектебі» қосқышын қос.

Калькуляторды ашу

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл квотасын грантқа өтініш бергенде қалай белгілейді?

Шілде айында eGov немесе ЖОО қабылдау комиссиясы арқылы грант конкурсына құжат тапсырғанда, жүйе мектеп аттестатыңдағы БСН бойынша квота мәртебесін автоматты түрде ұсынады. Тек тиісті ұяшыққа белгі қою қажет.

Егер ауылдық жерде жұмыс істемесе не болады?

Егер түлек заңды себепсіз жұмыспен өтеуден бас тартса, мемлекеттік бюджеттен оның оқуына жұмсалған барлық қаражатты («Қаржы орталығы» АҚ арқылы) сот тәртібімен қайтаруға тура келеді.

Басқа ауылда жұмыс істеуге бола ма?

Иә. Өзің бітірген ауылға бару міндетті емес. Қазақстанның кез келген өңіріндегі ауылдық мектепте, емханада немесе тиісті кәсіпорында жұмыс істеуге болады.

Басқа нұсқаулықтар