Құжаттарды дайындау
Порталға кіру (app.testcenter.kz)
Ресми сайтқа өт: app.testcenter.kz. Бірінші рет кірсең, «Тіркелу» батырмасын басып, ЖСН, электрондық пошта және телефон нөмірін енгіз. Жүйеге Digital ID (Face ID) немесе eGov QR арқылы кіру ең ыңғайлы.
Пәндер мен орынды таңдау
«Өтініш беру» бөлімінде ҰБТ түрін таңда. Содан кейін:
- Тестілеу тілі: Қазақша немесе орысша.
- Бейіндік пәндер: Мысалы: Математика + Физика, Биология + Химия, т.б.
- Тестілеу орны мен уақыты: Өзіңе ыңғайлы өңір мен күнді таңда. Орындар шектеулі, сондықтан тіркеудің алғашқы күндерінде өтініш берген абзал.
Төлем және өткізу қағазы
Ақылы ҰБТ үшін Kaspi қосымшасында «Платежи» → «Образование» → «НЦТ (ҰТО)» арқылы ЖСН енгізіп немесе экрандағы QR-кодпен төле. Төлемнен кейін жеке кабинеттен Өткізу қағазын жүктеп ал және күні мен уақытын тексер.
Негізгі ҰБТ-ға екі рет қалай қатысады?
Мамыр–шілде айларындағы негізгі тестілеуге тіркелгенде екі рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Грант конкурсына осы екі нәтиженің ең жоғарысы ұсынылады.
Тестілеуге өзімен бірге не апару керек?
Жеке куәлік (түпнұсқасы), су (мөлдір бөтелкеде) және қажет болса көзілдірік. Калькулятор және Менделеев кестесі компьютер экранында болады.